Get Adobe Flash player
Вторник, 10 Февраля 2015 20:07

Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Автор 
Оцените материал
(0 голосов)

Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер туралы мағұлмат беру;

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қасиеттерін дамы

ту;

Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғай білуге, жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың типі: ойын сабақ

 

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру.

-          Балалар, бір-бірлеріңнің қолдарыңнан ұстап күлімсіреңдер. Бір-бірлеріңе алақандарыңмен жылу сыйлап, табыс тілеңдер.

  1. 2.Өткен сабақты пысықтау.

-          Өткен сабақта не туралы білдік?

-          Өсімдіктің пайдасымен таныстық.

-          Адам өмірі үшін өсімдіктің қандай маңызы бар?

-          ...

-          Ендеше, біз жауаптарымызды тексеріп көрейік.

«Түймедақ» ойыны арқылы өсімдіктің пайдасын қайталау.

1 слайд.

 

 

  1. 3.Жаңа сабақты сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.

-          Бүгінгі тақырыбымыз – Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Біздің мақсатымыз жануарлар әлемімен таныса отырып, оларға қамқорлық жасай білуге үйрену.

Аңдар мен малдарды жануарлар деп те атаймыз. Жануарлар тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Олар өсімдіктер өсетін жерлерде мекендейді. Неге?

-          Өйткені жануарлар өсімдіктермен қоректенеді.

-          Жануарлар екі топқа бөлінеді. Олар жабайы аңдар және үй жануарлары. Жануарлар төлдерін емізіп, сүтпен асырайтындықтан, оларды сүтқоректілер деп те атайды.

 

2 слайд.

 

 

-          Жабайы аңдарға нелер жатады?

-          Олар неге жабайы аңдар деп аталған?

-          Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.

-          Кәне, оларға нелер жататынын көрейік.

3слайд.

 

-          Малдарға нелер жатады?

-          Олар үй жануарлары деп те аталады. Неге?

              Сергіту сәті.

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

Бір – шықпен бетін жуынды,

Екі – шыр айналып бұрылды,

Үш – еңкейіп жерге жетті,

Төрт дегенде ұшып кетті.

 

«Адасқан төлдер» ойыны.

-          Балалар, малдардың қасында нелері жоқ?

-          Төлдері

-          Дұрыс, егер сендер олардың атын атасаңдар, төлдердің енелерімен адаспай табысуына көмектесесіңдер.

-          Құлын, бота, қозы, лақ, бұзау

                        4слайд.

 

 

«Қателікті тап» ойыны.

 

-          Адамдардың қолдарына үйретілген басқа да жануарлар бар. Олар ит, мысық, доңыз, т.б.

-          Суретте көріп отырғандарыңдай ит өз баласын торай, ал мысық өз баласын күшік, доңыз өз баласын марғау деп ойлайды, дұрыс па?

-          Ендеше, олардың өз балаларымен табыстырайық.

5 слайд.

                  

«Кім жылдам?» ойыны.

Суретте жануарлардың жарты бейнесі жасырылған. Олардың қандай жануар екенін табу керек.

Сабақты «Құрастыру» ойыны арқылы қорытындылау.

-          Балалар, қазір қай мезгіл?

-          Қыс.

-          Қыс мезгілі жануарлар үшін қиын мезгіл. Оларға қорек, жылы баспана керек. Сондықтан ит пен күшік сендерден көмек сұрай келіпті. Олар өздеріне жылы үйшік салып берулеріңді сұрайды. Көмектесеміз бе?

-          Иә

-          Ендеше, сендер менің сұрақтарыма жауап берсеңдер, мына фигуралар құрастырылып, үйшік пайда болады.

-          Жабайы аңдарға нелер жатады?

-          Үй жануарларына нелер жатады?

-          Малдардың қандай пайдасы бар?

 

 

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.

Прочитано 4597 раз Последнее изменение Вторник, 05 Мая 2015 10:43
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии